Жаңалықтар

Пышан Жәлмендеұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Дүние, шіркін, өтеді бір күн» атты библиографиялық шолу өтті

19 тамыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында – ақын, композитор Пышан Жәлмендеұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Дүние, шіркін, өтеді бір күн» атты библиографиялық шолу өтті. Шара барысы Пышан Жәлмендеұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқырмандарға кеңінен ақпарат беріліп, кітаптарына библиографиялық шолу жүргізілді. Көрмеге Пышан Жәлмендеұлының өмірі мен шығармашылығы жайында кітаптар, мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар атап айтқанда: Ысқабай ӘлиӘпекұлы. Жәлменде–Пышан: пьесалар мен әңгімелері., Қараман Қараша. Қасиетті Қаратал: тарихи-танымдық деректі кітап., Жетісу ақындарының жыр сарындары: Нотаға түсірген таспасы., Қожамқұл Жұмахан: Жәлменде бидің беделі – Жетісу газеті., Қасымбеков Санат: Дауда сағы сынбаған Пышан болыс - Алатау газеті және тағы басқа мақалалар қойылды.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.08.2024

«Салауатты салт - өмір сәні» атты денсаулық сағаты өтті

2024 жылдың 16 тамыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында спорт күніне орай «Салауатты салт – өмір сәні» атты денсаулық сағаты өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы» 1998 жылғы, қаңтардың 20-сындағы №3827 Жарлығына сәйкес тамыздың әрбір үшінші жексенбісі дене шынықтыру саласы мамандарының кәсіби мерекесі - Спорт күні болып аталып өтіледі. Спорт - белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады. Денсаулық сағатында кітапхана қызметкерлері спорттық жаттығулар жасап ,кітапхан...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.08.2024

«Өлгендер қайтып келмейді» атты романынан үзінді оқып, талқыланды

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» атты романынан үзінді оқып, талқыланды. Шараның мақсаты: Қазақ прозасына ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағыттау. Жазушы «Өлгендер қайтып келмейді» романында өмір жолында алдынан шыққан барлық қиындықтарды еңсерген табанды, батыл жас жігіттің өмірін және мінезінің қалыптасуын көрсетеді. Романның әрбір бетінде сол уақытқа тән өмір ұшқындары кездеседі. Бердібек Соқпақбаевтың барлық туындыларында оның шығармашылығының қайнар көзі халық өмірінен бастау алғаны сезіледі. Жазушының бейнелеу қабілеті өте бай. Ол өз кейіпкерлерінің портретін шебер суреттеп, әрқайсысын өзіне тә...
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.08.2024

«Қазақтың дара туған данасы» атты әдеби сағаты

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім мен «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестіктің мүшелерімен бірлесіп «Қазақтың дара туған данасы» атты әдеби сағаты өтті. Шараның мақсаты : Ақынның шығармашылығын оқырманымыздың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту. Сөз патшасы өлең құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңіру, ой қиялдарын поэзия әлеміне енгізу. Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық толғауларын насихаттау. Шара барысында қоғам мүшелеріне Абай Құнабайұлының өмірбаянымен шығармашылығы жайлы толық ақпарат беріліп, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Сонымен қатар Абай атамыздың қара сөзімен поэзиясын қоғам мүшелері, жергілікті ақын Демеуова Гүлнара, Акимов Анатолий, Уразжанова Биғайша бірнеше өлеңдерін дауыстап оқып берді. Сөз соңында оқырмандарымыз өздерінің жүрек жарды ықыласымен риза болып жылы лебіздерін білдірді.
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.08.2024

«Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты үлкен көлемді кітап көрмесі

2024 жылдың 8 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 10 тамыз – Абай Құнанбайұлы күніне орай «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты үлкен көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Абай – еліміздің тарихында өшпес із қалдырған қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, аудармашы, композиторы. Ол 1845 жылы 10 тамызда Шыңғыстау баурайында Семей облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысындағы Абай ауданы) дүниеге келген. Абайдың шығармашылық мұрасы - қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған даналығын бойына сіңірген рухани байлық. Көрмеге кітапхана қорындағы ақынның сан алуан шығармаларының ішінен алғашқы басылымдары (1943, 1946, 1950) шығарылып, сонымен қатар 2006, 2019 жылғы басылымдары да қойылды: өлең жинақтары, қара сөздері және оның зерттеулері, шетел тілдерінде шыққан Абайдың шығармалары, кемеңгердің шығармаларына арналған ғалым, жазушылардың зерттеулері мен еңбектері және т.б. Көрме Абай туралы оқып біліп, бай мұрасымен тереңір...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.08.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика